05.05.2009, 15:36 2578

Қазақстан үкіметі Батыс Еуропа - Батыс Қытай автобанын салуда жеке меншік жер телімдерін мемлекетке тегін қайтарып алуға қол жеткізбек ниетте

Қазақстан үкіметі Батыс Еуропа - Батыс Қытай автобанын салуда жеке меншік жер телімдерін мемлекетке тегін қайтарып алуға қол жеткізбек ниетте

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі Батыс Еуропа - Батыс Қытай автобанын салуда жеке меншік жер телімдерін мемлекетке тегін қайтарып алуға қол жеткізбек ниетте. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз Батыс Еуропа - Батыс Қытай автобанын салуды қаржыландырып, саламыз. Ол осы трассаның бойындағы ахуалды сапалық тұрғыда өзгертеді және еліміздің транзиттік әлеуетін біршама арттырады. Бірақ енді оның жобасын жасап, дәйектей бастаған кезде осы аумақта әлдеқашан жер телімін сатып алған адамдар табылып, мемлекетке оны сатып алу туралы талап қоюда", - деді Ө. Шүкеев.

Вице-премьердің айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне жер телімінің иелерімен жұмыс істеп, жер телімін алмастыру арқылы "аталған жер телімдері мемлекеттің иелігіне тегін өтуі үшін және жолды тартуда мәселе туындамауы үшін жағдай жасауға тапсырма берілді".

"Алматы облысында да жағдай осындай. Икімге тапсырма беру керек. Икім осы облыстың мүддесіне сай, облыс экономикасы мен халқының мүддесіне сай осы шаруамен айналысуы қажет", - деді Ө. Шүкеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны