28.01.2009, 17:18 2837

Қазақстан үкіметі егістік науқаны кезінде ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржылай көмек көрсетеді

Қазақстан үкіметі егістік науқаны кезінде ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржылай көмек көрсетеді

Астана. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі егістік науқаны кезінде ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржылай көмек көрсетеді. Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бізге ауылшаруашылығы компаниялары өтініш жасап, банктердің жеткілікті қаржыландырмауына байланысты егістік науқаны кезінде көмектесуді сұрады. Біз "ҚазАгро" ҰК-ына дағдарысқа қарсы бағдарламаның аясында бөлінетін $1 млрд қаражаттың бір бөлігін ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржылай көмек ретінде бөлуге шешім қабылдадық", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны