30.07.2007, 13:09 3222

Қазақстан үкіметі Қашағанды игеру мерзімін өзгертуді келісім-шартты өзгерту деп санайды - Мәсімов

АСТАНА. 30 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан үкіметі Қашағанды игеру мерзімін өзгертуді келісім-шартты өзгерту деп санайды. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін өткен селекторлық жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қашаған кенішін өнеркәсіптік игеру жөніндегі келісім-шартының мерзімін өзгерту келісім-шарттың өзін өзгерту болып табылады, ал Қазақстан келісім-шарттарының бұзылмауын бұған дейін де қадағалап келді, бұдан былай да олардың мызғымауына баса назар аударады, сол себепті келісім-шарт талаптарын екі жақ бірдей сақтауға тиіс деп есептейді, мен энергетика министрлігінен бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарауды сұраймын. Мен БАҚ арқылы Agip KCO компаниясына кенішті игеру мерзімін өзгерту келісім-шарттың өзін өзгерту деп санайтынын ескертемін және біздің жауап әрекетіміз соған лайықты болатынын айта кетемін", - деді К. Мәсімов.

Бұдан бұрын өткен кеңес барысында энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов 29 маусымда Қашағанды игеру жөніндегі жобаның операторы - Agip KCO осы жобаға қатысты соңғы өз ұсыныстарын бергенін, соған сәйкес Қашаған кенішінде мұнай өндіре бастау мерзімі 2010-жылдың екінші жартысына дейін кейінге шегерілгенін хабарлаған. "Бұған дейін мұнай 2008 жылдың екінші жартысында өндіріле бастайды деп межеленген еді", - деді ЭМРМ. Оның айтуынша, мерзімді қайта қарау жобаны реконсигнациялауға, технологиялық процесстер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты".

"ҚазМұнайГаз" қазір концерннің ұсыныстарын қарауда, ал оған сәйкес тек мұнай өндіру мерзімі кейінге шегеріліп қана қоймай, сонымен бірге, шығындар да арта түспек", - деді министр. Оның айтуынша, Agip KCO ұсыныстары бойынша шығындар көлемі 57 млрд доллардан 36 млрд. долларғап дейін өспек.

"Тамыздан бастап бұл жоба бойынша компаниямен келіссөздер жүргізе бастау межеленген, Қазақстан жағы профит-ойлды арттыруды көздеп отыр, алдын-ала келісім бойынша біз оны 10-нан 40%-ке дейін ұлғайту жөнінде келіссөздер жүргізетін боламыз", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны