05.10.2009, 10:52 1585

Қазақстан үкіметі келесі аптада "Самұрық - Қазына" әл-ауқат қорының қаражатынан 110 млн астам теңгені өңдеу саласына бағыттамақ ниетте

Қазақстан үкіметі келесі аптада "Самұрық - Қазына" әл-ауқат қорының қаражатынан 110 млн астам теңгені өңдеу саласына бағыттамақ ниетте."Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры Қайрат Ийтекеновтың хабарлауынша: "біз өнеркәсіптің өңдеу саласын қолдау жөніндегі ұсынысқа қол қойдық". Бүгін мемлекеттік комиссияға қаржыландыру алгоритмі таныстырылды.

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі келесі аптада "Самұрық - Қазына" әл-ауқат қорының қаражатынан 110 млн астам теңгені өңдеу саласына бағыттамақ ниетте. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бейсенбі күні дауыс беріліп, оның ертеңінде ақша аударылатын болсын", - деді Кәрім Мәсімов.

Ол "Самұрық - Қазына" әл-ауқат қорына бүгінгі сағат үшке дейін қалалар мен облыс әкімдерімен бірлесіп қаржыландыру жобаларын келісуді тапсырды.

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры Қайрат Ийтекеновтың хабарлауынша: "біз өнеркәсіптің өңдеу саласын қолдау жөніндегі ұсынысқа қол қойдық". Бүгін мемлекеттік комиссияға қаржыландыру алгоритмі таныстырылды.

Оның айтуынша, қаржы екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. "Өңдеу секторы бойынша қаржының жалпы көлемі 110 млн асады", - деді Қ. Ийтекенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны