23.06.2009, 13:05 1374

Қазақстан үкіметі қыркүйек айында өңірлік деңгейде бюджет қаржысын бақылауды жетілдіретін заң жобасын парламентке ұсынады - Кәрім Мәсімов

Қазақстан үкіметі қыркүйек айында өңірлік деңгейде бюджет қаржысын бақылауды жетілдіретін заң жобасын парламентке ұсынады - Кәрім Мәсімов

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі қыркүйек айында өңірлік деңгейде бюджет қаржысын бақылауды жетілдіретін заң жобасын парламентке ұсынады. Бұл туралы бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов депутаттардың сауалына жауап беру барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Алдағы сессияда қыркүйекте бұл - біз бірлесе дұрыс шешімін табуымыз қажетті аса маңызды мәселелердің бірі",- деді Кәрім Мәсімов.

"Алдағы екі аптада үкімет Есеп комитетімен бірлесіп, бұл мәселе бойынша үкіметтің отырысына өз ұсыныстарын енгізеді деп ойлаймын", - деді ол.

Премьер-министрдің айтуынша, аталған заң жобасымен біруақытта үкімет парламентке Есеп комитеті туралы заң жобасын да ұсынады.

"Бұл шешім облыстық бюджеттер бойынша берілген есептерді бақылау жүйесін түбегейлі өзгерте алады", - деді үкімет басшысы.

Осының алдында отырыста ҚР Республикалық бюджетінің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев өңірлердің бюджеттік және басқа да заңдарды бұза отырып мақсатсыз және негізсіз пайдаланған транферттерінің үлесі біршама айтартықтай екенін мәлімдеген болатын.

"Мүмкін, мақсатты трансферттердің аясында бөлінген қаржының молдығы соншалық, олар оны "аспаннан келіп ауызға оңай түскен ас" ретінде қарастырып отыруы да ғажап емес", - деді О. Өксікбаев.

Оның айтуынша, соның салдарынан өңірлерге денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік жобаларға бағытталатын бюджеттік шығындардың тиімділігі төмендей түсуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны