22.06.2009, 14:33 2918

Қазақстан үкіметі қыркүйек айында шағын және орта бизнеске арналған пайыздық ставкаларға субсидиялар бөле бастайды - Кәрім Мәсімов

Қазақстан үкіметі қыркүйек айында шағын және орта бизнеске арналған пайыздық ставкаларға субсидиялар бөле бастайды - Кәрім Мәсімов

Астана. 22 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі қыркүйек айында шағын және орта бизнеске арналған пайыздық ставкаларға субсидиялар бөле бастайды. Бұл туралы бүгін республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов парламент мәжілісінде "Нұр Отан" ХДП фракциясының кеңейтілген кеңесінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Шағын және орта бизнеске көмек көрсетудің бір түрі - пайыздық ставкаларға субсидиялар бөлу. Біз осы жөніндегі ұсынысты сіздерге қыркүйек айында ұсынғалы отырмыз ",- деді Кәрім Мәсімов.

"Даму жоспарына сәйкес, біз өндірістік процестерді ынталандыру үшін пайыздық ставкаларды төмендете аламыз", - деді ол.

"Біз қыркүйек айында сіздерге нақтыланған үшжылдық бюджетпен келеміз, онда біздің келешек дамуымыздың басты бағыттары айқындалады",- деді үкімет басшысы.

"Ағымдағы шығындарды біз 2009 жылғы деңгейде қалдырамыз, ағымдағы шығындар өспейді. Барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалады. Ал қалатын ресурстар, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, индустриялық-инновациялық дамуға байланысты мәселелердің шешіміне жұмсалады", - деді үкімет басшысы.

Оның айтуынша, "ресурстар мемлекет айрықша маңызды деп санайтын секторларға бөлінуге тиіс".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны