07.09.2009, 11:39 1752

Қазақстан үкіметі мемлекеттік екпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша біртұтас жобаға барлық құжаттарды біріктіреді

Қазақстан үкіметі мемлекеттік екпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша біртұтас жобаға барлық құжаттарды біріктіреді

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі мемлекеттік екпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша біртұтас жобаға барлық құжаттар мен бағдарламаларды біріктіреді. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, еліміздің индустрия және сауда министрі Исет Исекешев бүгін өткен үкіметтің отырысында "2010 - 2014 жылға дейінгі Екпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жобасы жасалып аяқталды", - деп хабарлады.

Ал үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың хабарлағанындай, "құжат жалпы алғанда жоғарғы дәрежеде дәйектелген". "Осы кезеңде біз біршама құжаттарды дайындадық. 1 қаңтардан бастап барлық ағымдағы бағдарламалар мен құжаттардың күші жойылатынын еске саламын. Біздің қолымызда барлығы 5 - 7 құжат қалып, оларды мемлекет басшысы бекітеді", - деді премьер-министр.

"Экономикаға қатысты барлық құжаттар 1 қаңтардан бастап бір құжатқа біріктіріледі, сосын оны мемлекет басшысы бекітеді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны