22.06.2009, 13:39 2681

Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметкерлерді көлемді қысқарту жөніндегі қаулының жобасын қарауда - Кәрім Мәсімов

Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметкерлерді көлемді қысқарту жөніндегі қаулының жобасын қарауда. Бұл туралы бүгін республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов парламент мәжілісінде "Нұр Отан" ХДП фракциясының кеңейтілген мәжілісінде мәлім етті.Мемлекеттік қызмет бюджеттің қаржысы есебінен өмір сүріп отырғандықтан, бүкіл қоғамдастық секілді ол да кейбір шығындарға баруға тиіс", - деді Кәрім Мәсімов.

Астана. 22 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметкерлерді көлемді қысқарту жөніндегі қаулының жобасын қарауда. Бұл туралы бүгін республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов парламент мәжілісінде "Нұр Отан" ХДП фракциясының кеңейтілген мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Мемлекеттік қызметке жұмысқа қабылдау жөніндегі мораторийді алмас бұрын біз бірнеше мәселені шешіп алуға тиіспіз. Мемлекеттік қызмет бюджеттің қаржысы есебінен өмір сүріп отырғандықтан, бүкіл қоғамдастық секілді ол да кейбір шығындарға баруға тиіс", - деді Кәрім Мәсімов.

"Қазір үкімет мемлекеттік қызметкерлерді көлемді қысқарту жөніндегі қаулының жобасын қарауда. Бос жұмыс орындарының барлығын біз жойып, адамдардың біраз бөлігін де қысқартамыз", - деді ол.

"Мемлекеттік холдингтер аясында біз қатаң қысқарту жүргізген жоқпыз. Қысқартуды өз ішімізде жүргізген соң ғана біз мораторийді алатын боламыз", -деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны