29.10.2008, 17:27 2864

Қазақстан үкіметі мен "Альянс банк" мемлекеттің банкті қосымша капиталдандыруы туралы уағдаластыққа қол жеткізді

Қазақстан үкіметі мен "Альянс банк" мемлекеттің банкті қосымша капиталдандыруы туралы уағдаластыққа қол жеткізді

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының үкіметі мен "Альянс банк" АҚ мемлекеттің банкті қосымша капиталдандыруы туралы уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл шаралар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының" АҚ атынан банктің акционерлік капиталының 25%-ынан аспайтын мөлшерде жай акцияларды шығару және сонымен қатар артықшылықты акцияларды қосымша шығару арқылы мемлекеттің банкті капиталдандыруын көздейді.

Банк капиталына "Самұрық-Қазынаның" қатысуы үкіметтің, Ұлттық банк пен Қаржылық қадағалау агенттігінің Қазақстанның банк секторын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы ағымдағы жылдың 28 қазанындағы өтінішінде көрсетілген шарттар сақтала отырып, жүзеге асырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны