13.05.2014, 21:06 3325

Қазақстан Үкіметі мүлікті заңдастырудың заң жобасына енген өзгертулерді мақұлдады - Б.Сұлтанов

Заң жобасында ақша мен мүлікті заңдастырудың нақты мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрлігінің басшысы Бақыт Сұлтанов ""ҚР-да тұратын оралмандар мен азаматтарға мүліктерін заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын және мүлікті заңдастыру туралы заң жобасына енгізілетін бірқатар өзгертулерді таныстырды.

Заң жобасында ақша мен мүлікті заңдастырудың нақты мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

"Қаралып жатқан құжаттарға сәйкес ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның капиталындағы үлесті заңдастыру кіреді. Сонымен қатар, заңдастыру нысандарына сан алуан құрылыс нысандары да кіреді.", - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол, шетелдегі жылжымайтын мүлікті де заңдастырып алуға мүмкіндік бар, деп ағынан жарылды.

"Жеке қылмыс қорытындысында алынған мүлік заңдастыруға жарамайды. Оның ішінде жеке басқа қарсы қылмыс пен пара алу әрекеті, өзге тәртіп бұзушылықтар, мемлекеттік қызмет қызығушылығына қайшы келетін әрекеттер орын алған жағдайда заңдастыру үрдісін жүргізу мүмкін емес", - деді Б. Сұлтанов.

Қаржыны заңдастыру бойынша ұсынылып отырған үрдістер екінші деңгейлі банктерде ашылатын арнайы жинақтық салымдарға қойылады.

"Одан әрі азаматтар заңдастырудың өзге де жолдарын таңдауға құқылы. Егер де ақшаны заңдастырғалы жатқан азамат аталған инвестициялау тәртіптерін орындауға құлқысы болмаса, өзінің қаражатын игеруге толық құқығы бар. Тұтынушыға осы сынды қаржыны берер кезде екінші деңгейлі банктер салымның 10 пайызын ұстап қалады", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны