23.02.2009, 16:43 3026

Қазақстан үкіметі отандық өнімдерді сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік жүктеуді қолданысқа енгізбекші

Қазақстан үкіметі отандық өнімдерді сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік жүктеуді қолданысқа енгізбекші

Астана. 23 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі отандық өнімдерді сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік жүктеуді қолданысқа енгізбекші. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП-да өтіп жатқан қазақстандық тауар, жұмыс және қызмет өндірушілердің жалпы ұлттық форумында үкімет басшысының орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі .

"Қазір Қазақстанның заңнамасында отандық өнімдерді сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар үшін жалпыәкімшілік жауапкершілік жүктеуді қарастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Ө. Шөкеев.

Оның айтуынша, сейсенбі күні өтетін үкіметтің отырысында "мемлекеттік сатып алулар аясындағы Қазақстандық үлеске қатысты мониторинг жүргізілетін жүйе құрушы кәсіпорындардың тізімін бекіту көзделіп отыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны