12.06.2009, 13:26 1381

Қазақстан үкіметі шетелдік инвесторлармен жаңаша тауар және қызмет түрлерін игеру мүмкіндіктері бойынша жан-жақты жұмыс істеуі қажет - Назарбаев

Қазақстан үкіметі шетелдік инвесторлармен жаңаша тауар және қызмет түрлерін игеру мүмкіндіктері бойынша жан-жақты жұмыс істеуі қажет - Назарбаев

Қостанай. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі, соның ішінде Индустрия және сауда министрлігі шетелдік инвесторлармен жаңаша тауар және қызмет түрлерін игеру мүмкіндіктері бойынша жан-жақты жұмыс істеуі қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазақстан үкіметі, соның ішінде Индустрия және сауда министрлігі шетелдік инвесторлармен және еліміздің өнеркәсіптік компанияларымен жаңаша тауар және қызмет түрлерін игеру мүмкіндіктері бойынша жан-жақты жұмыс істеуі қажет", - деді Н. Назарбаев.

"Мен Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелерін Қазақстан үкіметімен осы бағытта белсенді жұмыс істеуге шақырамын", - деді ол.

Шетелдік инвесторлардың Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға атсалысу жайына тоқталған Елбасы "еліміз үшін Қазақстандық үлесті арттыру - басымдық күйінде қалатынын" атап өтті.

Мемлекет басшысы "кейінгі уақытта еліміз қол жеткізген оң нәтижелерді" атап өтті. "Шикізат өндіруші компаниялар қазір Қазақстанның өнім өндірушілерімен 330 млрд теңгенің меморандумдарына және 200 млрд астам теңгенің нақты келісім -шарттарына қол қойды", - деді ол.

"I тоқсанның қорытындысы бойынша шетелдік инвесторлардың қатысуымен ең ірі үш мұнайгаз жобасы бойынша Қазақстандық үлес 38%, немесе $609 млн болды", -деді президент.

"Мен осы - мәселенің шегі емес екеніне сенімім зор. Ең бастысы - тоқтап қалмау, қарапайымнан бастап күрделісіне қарай ілгерілей беру", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны