22.06.2009, 13:54 2640

Қазақстан үкіметі студенттерге арнап несиелер бөлу шарттарын қайта қарауға дайын - Кәрім Мәсімов

Қазақстан үкіметі студенттерге арнап несиелер бөлу шарттарын қайта қарауға дайын - Кәрім Мәсімов

Астана. 22 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі студенттерге арнап несиелер бөлу шарттарын қайта қарауға дайын. Бұл туралы бүгін республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов парламент мәжілісінде "Нұр Отан" ХДП фракциясының кеңейтілген мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Егер бүгін "Нұр Отан" ХДП парламенттік фракциясының үкіметке арнаған нұсқауы қабылданса, біз осы нұсқауларға сәйкес бүгінгі отырыста айтылған ескертпелерді назарға алу негізінде студенттерге арнап несиелер бөлу шарттарын қайта қарауға дайынбыз", - деді Кәрім Мәсімов.

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсованың айтуынша, "26 мамырдағы жағдаймен бөлінген несиенің саны - 408 ғана, және банктердің хабарлауынша, несие алуға бұдан басқа ниет білдіргендер жоқ".

"Біз ахуалды өзгертуді ұсынамыз, өйткені, біз бұл жайтты өзгертпейтін болсақ, ең көп дегенде 2 мыңдай ғана несие игерілуі мүмкін, ол үшін жеңілдетілген несиелер берілуге тиіс мамандықтардың тізімін кеңейту, оған педагогикалық, ауылшаруашылық және әртараптандыру бағдарламасына сәйкес басқа да мамандықтарды қосу қажет", - деді ол.

Сонымен бірге, оның айтуынша, "барлық несие алуға ниет білдіргендерге несиені беру, несиелендірудің пайыздық өсімін мейлінше төмендету, кепілзат процедурасын өзгерту және оны кепілдік беруге өзгерту; несиелерді тарату тәртіптерін қайта қарау қажет". "Біз қазір гранттарды тек өте жақсы оқитындарға ғана беріп жатырмыз, мұндай талапты іс жүзінде ешкім де орындай алмайды", -деді Г. Қарағұсова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны