08.09.2008, 18:43 2983

Қазақстан үкіметі жаңа Салық кодексіндегі жеке тұлғалардың қымбат мүлкіне салынатын салық ставкаларын түзетті

Қазақстан үкіметі жаңа Салық кодексіндегі жеке тұлғалардың қымбат мүлкіне салынатын салық ставкаларын түзетті

Астана. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі жаңа Салық кодексіндегі жеке тұлғалардың қымбат мүлкіне салынатын салық ставкаларын түзетті. Бұл туралы бүгін Қазақстан парламентінің мәжілісінде жаңа Салық кодексі жобасының таныстыруы барысында журналистерге берген сұхбатында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз ставкалардың деңгейіне сәл түзету енгіздік", - деді Б. Сұлтанов.

"Айталық, жылжымайтын мүліктің құны 120 млн теңгеден жоғары болса ставка - 1%, 50 млн теңгеден 120 млн теңгеге дейін болса ставка - 0,75%", -деді ол.

"Бұл мәселені жұмыс тобында көп талқыладық. Жылжымайтын мүліктерді басқаратын қауымдастықтар тарапынан сұрақ жиі туындады. Салық кодексінің жобасын жасап аяқтау сатысында шешім қабылданды. Біз тиімді шешім қабылдадық деп санаймыз", - деді Б. Сұлтанов.

Бұған дейін үкімет құны 30 млн теңгеден бастап қымбат мүліктің салық ставкаларын 0,5-тен 1%-ға дейін көтеруді ұсынған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны