09.07.2009, 18:30 3052

Қазақстан Украинамен арадағы еркін сауда режимінен мұнай өнімдерін алып тастауды ұсынуда

Қазақстан Украинамен арадағы еркін сауда режимінен мұнай өнімдерін алып тастауды ұсынуда

Алматы. 9 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Украинамен арадағы еркін сауда режимінен мұнай өнімдерін алып тастауды ұсынуда. Бұл туралы Украинаның Экономика министрлігіндегі жоғары лауазымды ақпарат көзі мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "Дело" ақпараттық порталына сілтеме жасап.

"ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Амантай Сүйесінов өз елінің осындай наразылығы бар екенін растайды. Оның айтуынша, мәселе Қазақстанның мұнай өнімдерінің реэкспортына байланысты", - деп хабарлайды ақпараттық ресурс.

"Тауар бізден баз салығының төлемінсіз сатып алынады, сосын ол үшінші елдерге жоғары бағаға сатылады", - деді А. Сүйесінов. Оның пікірінше, реэкспорт мәселесі Қазақстанмен келісілуге тиіс және тиісінше кедендік алымдар төленуі қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны