13.01.2014, 20:04 4152

Қазақстан "Ұлы Жібек жолының Экономикалық белбеуі" атты жобаға қатысу жайын қарастыруда

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыттары бойынша, сондай-ақ "Ұлы Жібек жолының Экономикалық белбеуі" жобасына бөлек тоқтала отырып жан-жақты пікір алмасты.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылғы 9 қаңтар күні ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Лэ Юйчэнмен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР СІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыттары бойынша, сондай-ақ "Ұлы Жібек жолының Экономикалық белбеуі" жобасына бөлек тоқтала отырып жан-жақты пікір алмасты.

Бұл стратегиялық бастама ҚХР Төрағасы Си Цзеньпинмен Қазақстанға 2013 жылғы қыркүйек айында жасаған мемлекеттік сапары аясында ұсынылған болатын және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауына ие болды.

Кездесу барысында Қ.Сарыбай қазақстандық тарап, экономика, сауда, инвестиция, мәдениет секілді салалардағы ынтымақтастықты қамтитын және аймақаралық ықпалдастықты сапалы түрде жаңа деңгейге жетелейтін бұл кең ауқымды жобаны іске асыру жолдарын қарастыруда ең белсенді қатысуға дайын екендігін жеткізді.

Қазақстандық дипломат атап өткендей, "Ұлы Жібек жолының Экономикалық белбеуі" жобасын іске асыру идеясы жалпы алғанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанның Орталық Азияның сауда, логистикалық және іскер орталығына айналуына ықпал жасайтын, сонымен қатар Астананың халықаралық ынтымақтастықтағы азиялық векторын нығайтатын "Қазақстан - Жаңа жібек жолы" атты бастамасымен мазмұндас.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны