10.10.2007, 17:46 3022

Қазақстан Ұлттық банкі 2007 жылға арналған инфляциялық болжамды қайта қарамайды

Қазақстан Ұлттық банкі 2007 жылға арналған инфляциялық болжамды қайта қарамайды.

Алматы. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2007 жылға арналған инфляциялық болжамды қайта қарамайды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Акишев хабарлады.

"Біздің пайымдауымызша, қыркүйекте көрініс берген нан өнімдерінің бағасының күрт қымбаттауына қатысты үкімет тиісті шара қолданды, сондықтан бұл өсім алдағы айларда тоқтатылады. Сол себепті біз болжамды қайта қарамаймыз, 2007 жылы инфляция деңгейі "мұнай бағасы жоғары болуы жөніндегі" сценарий бойынша 8,2 - 9,2% аралығында сақталады", - деді ол.

"Жылдың аяғы, төртінші тоқсанда инфляция ұдайы жоғары, шамамен айына 1% болатыны түсінікті, және де біз болжамдарды қайта қарамаймыз, ендігі жерде күтпеген оқиға болмайды деп сенеміз", - деді Д. Акишев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны