09.01.2017, 17:45 4921

Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 12% деӊгейінде сақтады

Қазақстанда базалық мөлшерлеме пайыздық мөлшерлеме ауытқуыныӊ +/-1% дәлізімен 12% деӊгейінде сақталды. Бұл туралы брифинг кезінде журналистерге Қазақстан Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда базалық мөлшерлеме пайыздық мөлшерлеме ауытқуыныӊ +/-1% дәлізімен 12% деӊгейінде сақталды. Бұл туралы брифинг кезінде журналистерге Қазақстан Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өтімділік беру операциялары бойынша мөлшерлемелер13%, ал өтімділікті алу операциялары бойынша - 11% құрады", деп нақтыладықаржы реттеушісініӊ басшысы.

"Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2017 жылғы 20 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 17-00-де хабарланады", - деп хабарлады Д. Ақышев.

Сондай-ақ, ол базалық мөлшерлеме бойынша перспективаларға қатысты өзініӊ болжамдарымен бөлісті: "Байқалатын оӊ үрдістер ішкі және сыртқы күйзелістер болмаған кезде жақын айларда оныӊ төмендеу ықтималын арттырады.

2016 жылы ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені бірнеше рет төмендеткенін еске саламыз. 2016 жылғы наурызда базалық мөлшерлеменіӊ17% деӊгейінде сақталатыны хабарланды, ал мамырда Қазақстан Ұлттық Банкі оны 15%-ға дейін төмендетті. Шілдеде базалық мөлшерлеме 13%-ға дейін, ал 2016 жылғы қазанда - 12,5%-ға дейін төмендетілді. 2016 жылғы базалық мөлшерлеме бойынша соӊғы шешімді Қазақстан Ұлттық Банкі оныӊ 12%-ға дейін төмендетілгені туралы хабарлай отырып, 14 қарашада мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны