11.10.2012, 12:07 3442

Қазақстан Ұлттық банкінің жанында Ұлттық инвестициялық корпорация құрылды

Корпорация Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің жартысы мен ҚР Ұлттық қорының активтерін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте басқа активтерді басқаруда мамандандырылған қаржы ұйымы болып табылады.

Алматы. 11-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Ұлттық банкі Ұлттық инвестициялық корпорацияның құрылғаны туралы хабар таратты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ол ҚР ҰБ алтын-валюта активтерінің жартысы мен Қазақстан Ұлттық қорының активтерін басқаруда мамандандырылған қаржы ұйымы болып табылады.

Корпорация Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының бастамасы бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің келісімен құрылды, деп хабарланады.

Корпорация Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің жартысы мен ҚР Ұлттық қорының активтерін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте басқа активтерді басқаруда мамандандырылған қаржы ұйымы болып табылады.

"Корпорация қызметінің негізгі бағыты активтерді басқару тиімділігі мен ұзақ мерзімді кезеңде активтердің табыстылығын арттыру болып табылады. Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін корпорация инвестициялау шегі 10-20 жылды құрайтын халықаралық қаржы нарықтарында дәстүрлі және баламалы активтерді инвестициялауды, активтерді сенімділікпен басқаруға байланысты басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыратын болады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны