26.04.2017, 11:05 4773

Қазақстан Ұлттық экономика министрі Халықаралық Валюта Қоры және Дүниежүзілік банктіӊ көктемгі кездесулеріне қатысты

Қазақстанныӊ Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 22-23 сәуірде Вашингтонда Халықаралық Валюта Қоры және Дүниежүзілік банктіӊ алаӊында ірі халықаралық қаржы институттары, рейтингтік агентттіктер, шетелдік экономикалық ведомство және іскерлік орта өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 22-23 сәуірде Вашингтонда Халықаралық Валюта Қоры және Дүниежүзілік банктіӊ алаӊында ірі халықаралық қаржы институттары, рейтингтік агентттіктер, шетелдік экономикалық ведомство және іскерлік орта өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

ҰЭМ министрініӊ АҚШ-қа сапары американдық-қазақстандық бизнес-қауымдастық (USKBA) өткізген америкалық бизнес-қоғамдастықтыӊ дөӊгелек үстеліне қатысумен басталды. Тимур Сүлейменов АҚШ бизнесмендерініӊ алдында сөз сөйлей келіп, Қазақстанныӊ тәуелсіздік алған сәтінен бергі кезеӊдегі негізгі экономикалық табыстары, "Қазақстан - 2050" Стратегиясы аясындағы елдіӊ әлемдегі 30 анағұрлым бәсекеге қабілетті елдерініӊ қатарына кіру жоспары, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында белгіленген институттық реформалар, инвестициялық ахуалды жақсарту, қазақстандық экономиканы индустрияландыру мен жаӊғырту жөніндегі қабылданып жатқан шаралар, "Нұрлы жол" және "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру, Астана Халықаралық қаржы орталығын құрудыӊ мақсаты мен міндеті, сондай-ақ, республиканыӊ халықаралық ынтымақтастығы туралы әӊгімеледі.

ҚР Ұлттық экономика министрініӊ АҚШ сауда министрініӊ орынбасарымен кездесуінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар, сондай-ақ, тұтас алғандағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Айрықша назар Қазақстанға PNTR мәртебесініӊ (permanent normal trade relations - тұрақты қалыпты сауда қатынастары) берілуі және Джексон-Вэник түзетуініӊ шегерілуі мәселесіне аударылды.

PNTR мәртебесі АҚШ-тыӊ шетелдермен еркін саудадағы заӊдық тануы болып табылады. Джексон-Вэник түзетуі - 1974 жылы АҚШ сауда туралы Заӊына америкалық конгресмендер Генри Джексон мен Чарльз Вэник ұсынған, эмиграцияға кедергі келтіретін және басқа да адам құқығын бұзатын елдермен сауданы шектейтін түзету. Бұл түзету әрекеті негізінен КСРО-ге және соныӊ салдарынан посткеӊестік елдерге қолданылды. Ресейге қатысты 2012 жылы шегерілді.

Кейінірек Сүлейменов MoodyИs, Fitch және Standard&PoorИs халықаралық рейтингтік агенттіктері өкілдеріне кәсіпкерлікті қолдауға, жекешелендіру мен салықтық заӊнама рформаларына, Ұлттық қордыӊ кепілдендірілген трансферттерініӊ біртіндеп азаюы, экономиканы долларландырудыӊ төмендеуіне қатысты Үкімет тарапынан қабылданып жатқан шараларға олардыӊ назарын аудара келіп, Қазақстанныӊ 2017 жылғы І тоқсандағы макроэкономикалық жағдайы және әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ негізгі көрсеткіштері динамикасы туралы баяндады.

Қазақстан қазіргі уақытта тәуелсіз несиелік рейтингтер позициясында инвестициялық сенімділік деӊгейін сақтауда. 2016 жылғы екінші жартыжылдықта MoodyИs "Ваа3" бұрынғы деӊгейінде қалған, осы жылғы сәуірде ұсынылған Қазақстанныӊ несиелік рейтингін қайта қараған жоқ. 2016 жылғы қазанда Fitch Ratings ҚР рейтингін тұрақты болжамдағы "ВВВ" деӊгейінде қуаттады. 2017 жылғы наурызда & PoorИs Global Ratings Қазақстанныӊ шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақмерзімді және қысқамерзімді тәуелсіз рейтингін "ВВВ-/А-3" деӊгейінде растады.

ҚР Ұлттық экономика министрі сондай-ақ, қаржылық қызмет көрсету саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылатын әлемдегі ірі және ежелгі банктік құрылымдардыӊ бірі CitiBank басшылығымен кездесті.

Тимур Сүлейменов жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру барысы, оныӊ мемлекеттіӊ экономикадағы үлесін ІЖӨ-ніӊ 15%-ына дейін төмендету мақсатын, сондай-ақ, мемлекеттік активтерді бәсекелестік ортаға шығару және жеке инвесторларды тарту есебінен Қазақстан экономикасыныӊ тиімділігін арттыру, IPO-ға анағұрлым ірі мемлекеттік активтерді шығару туралы баяндады.

Doing Business басшылығымен және командасымен кездесуде ҰЭМ министрі сұхбаттасушыларға құрылымдық реформалардыӊ 5-пакетініӊ аяқталғандығы туралы және 6-пакеттіӊ жұмыстары басталғанын, сондай-ақ, ҚР мемлекеттік органдары өкілдері жұмыс тобыныӊ Doing Business рейтинг индикаторлары бойынша бірқатар техникалық кездесулер өткізу үшін Вашингтонға алдағы сапары туралы хабарлады. Сүлейменов рейтингтіӊ еліміз үшін маӊыздылығын және оныӊ реформалар жүргізуге және Қазақстанныӊ бизнес-ахуалын жақсартуға оӊ әсер етіп отырғанын атап көрсетті.

Doing Business-тіӊ ҚР-дағы ұлттық рейтингімен жұмыс істейтін өкілдер баға қою үдерістері туралы, жүргізілген жұмыстар және 2017 жылғы маусымдағы нәтижелерді таныстыру жоспарлары туралы әӊгімеледі.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктіӊ атқарушы директоры Вернер Грубермен, Дүниежүзілік банктіӊ Орталық Азиядағы Тобыныӊ аймақтық директоры Лилия Бурунчукпен, Дүниежүзілік банктіӊ бас экономисі Пол Ромермен, сондай-ақ, Халықаралық Валюта Қорыныӊ директоры Мирослав Панекпен кездесулер өткізілді. Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу аясында Дүниежүзілік банк қарыздарын тарту арқылы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысты ағымдағы мәселелер, ынтымақтастықтыӊ одан арғы келешегі, сондай-ақ, ағымдағы жылғы маусымда өткізілетін Дүниежүзілік банктіӊ сессиясына дайындық мәселесі талқыланды.

Анықтама: Халықаралық Валюта Қоры және Дүниежүзілік банк Тобыныӊ жыл сайынғы және көктемгі жиындарында орталық банктер басшылары, қаржы және даму министрлері, жеке сектор басшылары, азаматтық қоғам және академиялық ортаныӊ өкілдері жалпыәлемдік мүдде тұрғысында, оныӊ ішінде әлемдік экономиканыӊ болашағы, жаһандық қаржылық тұрақтылық мәселелері, кедейшілікті жою, жұмыспен қамту және өсім, экономикалық даму және тиімді жәрдемдесу мәселелерін талқылау үшін кездеседі. Бұл халықаралық БАҚ-та кеӊінен жарияланатын жиындар сондай-ақ, азаматтық қоғам ұйымдарына өз пікірлерімен бөлісуге және жаһандық форумда директивті органдар өкілдерімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны