25.01.2018, 18:34 4900

Қазақстан үшін жаӊа халықаралық клирингтік байланысты дамытуға арналған меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, "Астана" Халықаралық қаржы орталығыныӊ Биржасы (AIX) және Euroclear Банкі (Euroclear) Қазақстан үшін жаӊа халықаралық клирингтік байланысты дамытуға арналған меморандумға қол қойды

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, "Астана" Халықаралық қаржы орталығыныӊ Биржасы(AIX) және Euroclear Банкі (Euroclear) Қазақстан үшін жаӊа халықаралық клирингтік байланысты дамытуға арналған меморандумға қол қойды. Меморандум нарықтық ортаны құруды қолдау үшін серіктестікте қызмет жасау ынтасын айқындайды, ол Euroclearарқылы шетелдік инвесторлардыӊ қазақстандық жергілікті қағаздарға қол жетімділігін қамтамасыз ететін болады.

Қазақстан Республикасыныӊ Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов "Қазақстан Республикасыныӊ Қаржы министрлігі мемлекеттік бағалы қағаздардыӊ эмитенті ретінде Euroclear арқылы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына резидент еместердіӊ тура қол жетімділігін қамтамасыз етудемемлекеттік бағалы қағаздарды тиімді бәсекелестік шартта орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде, әлеуетті қарыз алу құнын төмендетуге және инвесторлық базасын кеӊейтуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті.

"Euroclear Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен және жергілікті нарықтыӊ инфрақұрылымымен Euroclear-ны енгізуден пайда ала алатын капитал нарығын құруға көмек көрсету мақсатында серіктестік жасауға қуанышты екенін білдіреді. Euroclear-ны енгізу нарыққа біртұтас, өтімділіктіӊ қуатты пулын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және нәтижесінде ол мықты макроэкономикалық пайдаға, оныӊ ішінде облигациялар бойынша табыстылықты төмендетуге, сондай-ақ жергілікті активтердіӊ өтімділігін арттыруға әкеліп, ол өз кезегінде, тереӊ, тұрақты және ірі жергілікті нарықты жасайды", - деп атап өтті Euroclear-да ETF капитал нарықтары, қорлар мен қызметтер бағыттары бойынша ғаламдық бөлемшеніӊ директоры Стефан Пуйа.

Жалпы, бұл өз кезегінде қазақстандық эмитенттерге жергілікті бағалы қағаздарды 90-нан артық елдердіӊ 2000-нан аса қаржылық институттарды қосатын клиенттері бар АА+ рейтингісімен бағалы қағаздардыӊ халықаралық орталық депозитарийі Euroclear платформасы арқылы тура, қарапайым және тиімді түрде шығаруға мүмкіндік береді.

"Euroclear арқылы қазақстандық эмитенттер "Астана" Халықаралық қаржы орталығыныӊбіртұтас платформасында жергілікті және халықаралық инвесторларға да қол жетімділікке ие бола алады. Уақыт өте келе бағалы қағаздар эмитенттері үшін қарыз алу құны төмендеп, Қазақстан экономикасыныӊ дамуына өз үлесін тигізеді деп күтілуде", - деп "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ әкімшілігі" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайынов атап өтті.

Илемдегі пост-трэйд қызметін жеткізудегі алдыӊғы қатарлы және сенімді жеткізушілердіӊ бірі болып табылатын Euroclear-діӊ Қазақстанныӊ нарық капиталыныӊ дамуына қатысуы Қазақстанныӊ қаржы нарығында тиімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Анықтама ретінде:

АХҚО. Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы желтоқсанда "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заӊға қол қойды. АХҚО-ныӊ мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деӊгейдегі жетекші орталықты қалыптастыру болып табылады. Посткеӊестік кеӊістікте тұӊғыш рет ағылшын құқығыныӊ қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығыныӊ ресми тілі - ағылшын тілі болады. АХҚО-ныӊ міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар нарығын дамыту, оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

Euroclear компаниялар тобы - пост-трейд үшін қаржылық қызметтердіӊ сенімді жеткізушісі. Топ облигациялар, акциялар, деривативтерден бастап, инвестициялық қорларға дейін ішкі және транс шекаралаық бағалы қағаздармен есеп, сақтау және қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Euroclear - өз клиенттері үшін жаһанды түрде тәуекелдерді төмендетуді, автоматтандыруды және тиіміділікті қамтамасыз ету үшін бағытталған капитал нарығыныӊ тексерілген, тұрақты құрылымы.

Euroclear компаниялар тобы Fitch Ratings и AA Standard & Poor's -пен, сондай-ақ Euroclear Belgium, Euroclear Finland, Euroclear France, Euroclear Nederland, Euroclear Sweden и Euroclear UK & Ireland AA + болып бағаланатын Euroclear банкін қамтиды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны