09.07.2010, 13:12 3512

Қазақстан үстіміздегі маркетинг жылы 15 млн тоннаға жуық астық жинамақ (толықтырулармен)

"Өткен жылғы көрсеткішке жете алмаймыз, өткен жыл рекордтық жыл болған (астық жинаудан агенттік ескертпесі). Өздеріңізге белгілі рекорд жыл сайын бола бермейді. Бірақ, менің ойымша 14,5 15,5 млн тонна (астық агенттік ескертпесі) жинай аламыз",- деді А. Евниев.

Астана. 9-шілде. Kazakhstan Today Қазақстан үстіміздегі жылы 15 млн тоннаға жуық астық жинамақ. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі Арман Евниев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Өткен жылғы көрсеткішке жете алмаймыз, өткен жыл рекордтық жыл болған (астық жинаудан агенттік ескертпесі). Өздеріңізге белгілі рекорд жыл сайын бола бермейді. Бірақ, менің ойымша 14,5 15,5 млн тонна (астық агенттік ескертпесі) жинай аламыз",- деді А. Евниев.

Ол астық өнімі көлемінің төмендеуін "құрғақшылықпен және егіндік алқаптарының қысқаруымен" түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, ол Батыс Қазақстен мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ауа райының қолайсыздығының да әсер етіп отырғандығын айта кетті. "Жедел мәліметтерге сүйенсек, жағдай өте қиын",- деп атап көрсетті А. Евниев.

Оның айтуынша, "ауаның немесе топырақтың ылғалдылығы жағдайдың бетін бері қаратуға мүмкіндік береді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны