02.10.2007, 17:26 2974

Қазақстан үстіміздегі жылы 10 млн тоннадан астам астық экспорттай алады

Қазақстан үстіміздегі жылы 10 млн тоннадан астам астық экспорттай алады

Астана. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ауылшаруашылық министрінің пайымдауынша, Қазақстан үстіміздегі жылы 10 млн тоннадан астам астық экспорттай алады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Үстіміздегі жылы 9 млн тоннадан көп болады. Бізде еліміздің ішкі мұқтаждығы - 9 млн тонна, ал біз 22 млн тонна астық жинадық, сондықтан да кем дегенде 10 млн тоннаны экспортқа шығару керек, деп ойлаймын",- деп мәлім етті парламенттің сейсенбіде өткен селекторлық жиналысында ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімов.

Ол, үстіміздегі жылғы астық өнімі рекорттық көрсеткішке жетті, деп атап өтті. "Биыл біз 22 млн тонна астық жинадық. Мұндай ешқашан болмаған, бұл рекордтық жылдардан 4 млн тоннаға көп",- деп атап өтті А. Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны