29.03.2013, 10:56 3628

Қазақстан және Беларусь ет өнімін жасап шығару бойынша бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлады

Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбековтың Белорусь делегациясымен кездесуі өтті, онда ет өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін қарастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан және Беларусь ет өнімін жасап шығару бойынша бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбековтың Белорусь делегациясымен кездесуі өтті, онда ет өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін қарастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

"ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков Белорусь делегациясымен кездесіп, бірлескен өндіріс құру саласында ынтымақтастықты активтендіру мәселелерін талқылады. Кездесу нәтижесінде ет өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін қарастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, аталған кәсіпорындардың құрылтайшысы ретінде Қазақстан тарапынан "ECOPRODUCT ASTANA" кәсіпорны, ал Белорусь тарапынан "Березовский мясоконсервный комбинат" ААҚ болатыны атап өтілді.

Оған қоса, Беларусь тарапы Қазақстан Республикасының құқықтық-техникалық талаптарына сәйкес жобаны одан әрі бейімделуімен ет өңдейтін кәсіпорын мен сүт-тауар фермасының жобалық-сметалық құжатнамасын жасауға әзір екендерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны