04.08.2008, 17:45 2759

Қазақстан және Украинаның қаржылық бақылау жөніндегі жоғарғы органдары осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында параллельді аудит жүргізеді

Қазақстан және Украинаның қаржылық бақылау жөніндегі жоғарғы органдары осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында параллельді аудит жүргізеді

Астана. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан және Украинаның қаржылық бақылау жөніндегі жоғарғы органдары осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айларының арасында параллельді аудит жүргізеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматыда Қазақстанның Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев пен Украина Есеп палатасының төрағасы Валентин Симоненконың жұмыс кездесуі болып өтті.

Қазақстан және Украинаның қаржылық бақылау жөніндегі жоғарғы органдарының басшылары осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айларының арасында жүргізілетін параллельді аудитті ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Есеп комитеті және Есеп палатасының сарапшылары төтенше жағдайларды, оның ішінде техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануды жоспарлау, игеру және бақылаудың тиімділігін ортақтаса зерттеп, бағалайды. Параллельді аудит Қазақстан Есеп комитеті мен Украина Есеп палатасының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыруға байланысты іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, кездесу барысында Омархан Өксікбаев пен Валентин Симоненко мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері жөнінде тәжірибе алмасудың келешегін қарастырды. Сондай-ақ, олар кәсіптік оқыту және кадрлардың біліктілігін арттыру саласында да ынтымақтастықтың қажеттігін атап өтті.

Қазақстанның Есеп комитеті мен Украинаның Есеп палатасы ынтымақтастық жөніндегі келісімді 2006 жылы Киев қаласында жасаған болатын.

Украина Есеп палатасы - 1996 жылы құрылған қаржылық бақылаудың жоғары органы.

Қазақстанның Есеп комитеті мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады, ол республикалық бюджеттің атқарылуына, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен өз иелігінде қалатын ақшаның пайдаланылуына сыртқы бақылау жасап, бағалау жүргізеді .

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны