04.12.2009, 14:35 3171

Қазақстан жартылай өңделген шикізат экспорттаушы рөлінде қала беретін тәуекелдің алдында тұр - Назарбаев

Мемлекет басшысының пікірінше, технологияны дамытудағы басты кедергілер "үкіметте технологиялық проблемалар мен экономикалық салалардың проблемаларын айқын түсінушіліктің болмауы, соған сәйкес, оларды шешудің айқын тұжырымдалған мақсаттары мен тетіктерінің болмауына саяды".

Астана. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан технологиялық дамуда кенжелеп қалуға байланысты жартылай өңделген шикізат экспорттаушы рөлінде қала беретін тәуекелдің алдында тұр. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы мәжілісінің қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мемлекет басшысының пікірінше, технологияны дамытудағы басты кедергілер "үкіметте технологиялық проблемалар мен экономикалық салалардың проблемаларын айқын түсінушіліктің болмауы, соған сәйкес, оларды шешудің айқын тұжырымдалған мақсаттары мен тетіктерінің болмауына саяды".

"Бүгінгі ғылым нақты сектордағы компаниялардың сұраныстарынан алыстап кеткен", - деді Н. Назарбаев. Осыған байланысты президент қазір "Қазақстан ғылымын басқару түбегейлі өзгертіліп жатқанын" атап өтті. "Біз бірнеше сатылы тосқауылдарды алып жатырмыз. Изірге зерттеуші немесе жаңалық иесі қаржыға қол жеткізгенге дейін бес сатыдан өтеді. Біз оның жолындағы төрт тосқауылды алып, ол бірден ғылыми кеңеске жетіп, жобасын мақұлдату арқылы жұмысқа кірісе алатындай жағдай жасап жатырмыз", - деді ол.

Мемлекет басшысы проблемалардың қатарында "ғылыми жаңалықтарды іс жүзіне асыру тетіктерінің жоқтығын" да атады.

Сонымен бірге, оның айтуынша, "шетелдік инвесторлар Қазақстанда технологиялық біліктілікті қалыптастыруға ешбір күш-жігер ұсынып отырған жоқ". "Мен нәтижесі өнеркәсіпке енгізілген толыққанды технологиялық трансферттің немесе бірлескен зерттеу бағдарламаларының бір де айқын мысалын айта алмаймын", - деді президент.

"Меніңше, жұмыстар дұрыс ұйымдастырылған жағдайда осының бәрі шешімін табады", - деді ол.

"Технологиялар мен жабдықтар импорттау аса тиімді, алайда, сонымен біруақытта отандық инженерлік базаны дамытумен айналыпайтын болсақ, онда біз шикізат экспорттаушының, немесе ең ары кетсе, жартылай өңделген шикізат экспорттаушының рөлінде қала беретін түріміз бар", - деді президент.

Н. Назарбаевтың айтуынша, бұл салада "проблемалар шаш-етектен, оларды шешу керек".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны