19.05.2009, 17:33 3006

Қазақстан жеткілікті мөлшерде республиканың өз ішінде өндірілетін негізгі азық-түлік өнімдерін сырттан әкелудің кедендік баж салығын ұлғайтты (толықтырылған)

Қазақстан жеткілікті мөлшерде республиканың өз ішінде өндірілетін негізгі азық-түлік өнімдерін сырттан әкелудің кедендік баж салығын ұлғайтты (толықтырылған)

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан жеткілікті мөлшерде республиканың өз ішінде өндірілетін негізгі азық-түлік өнімдерін сырттан әкелудің кедендік баж салығын ұлғайтты. Бұл туралы бүгін Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін өткен брифингте еліміздің Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан өзін-өзі қамтамасыз ететін барлық азық-түлік өнімдері бойынша біз кедендік баж салығын өсіреміз. Негізгі азық-түлік өнімдері бойынша техникалық регламент енгізіледі. Сөйтіп біз ішкі нарықты импорттан қорғайтын боламыз", - деді А. Күрішбаев.

Оның хабарлауынша, бұған қоса, "нарықты терең өңделген өніммен қанықтыру аясында субсидиялардың бағдары өзгертіліп, нарықты тиісті өніммен қамтамасыз ету үшін субсидия бөлу механизмі өзгертілетін болады". "Ендігі жерде өңдеу өнеркәсібіне бағытталатын өнімге ғана (ет, сүт) субсидия бөлінеді. Сөйтіп біз қолда бар өңдеуші кәсіпорындарды іске қоса аламыз", - деді министр.

Бұған қоса ҚР Ауылшаруашылығы министрінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда "терең өңделген азық-түлік өнімдерінің проблемасы бар". "Біз сүт өнімдерінің 40%, ет өнімдерінің 29% және жеміс-көкөніс өнімдерінің 43% жуығын сырттан әкелеміз", - деді А. Күрішбаев.

Оның пікірінше, оған екі себеп бар: "өңдеуші кәсіпорындарға қажетті сапалы шикізат жоқ", "және екіншіден, еліміздегі өңдеуші кәсіпорындарды біздің негізгі бәсекелестеріміздің деңгейіне дейін көтеру қажет", - деді министр.

Оның айтуынша, " бұл - қазір үкімет жұмыс істеп жатқан басты екі міндет". "Осыған байланысты бірінші мақсатты шешу үшін "ҚазАгро" бағдарламасының аясында сүт фермаларын, мал бордақылау алаңдарын салу, тамшылап суару, көкөніс шаруашылығын дамыту жобалары жүзеге асырылуда. Жылыжайларда ерте пісетін көкөністер өсіріледі, демек, біз елімізді ерте пісетін көкөністермен және тиісті өңдейтін шикізатпен қамтамасыз ету мәселелрін шешетін боламыз", - деді А. Күрішбаев.

Сонымен бірге, оның хабарлауынша, бүгін мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі кеңесте "аграрлық саясаттың басты бағыттарын айқындап берді". "Бұл, бірінші кезекте, Агроөнеркәсіптік кешеннің ең бір осал тұсына жататын өңдеуші кәсіпорындарды дамыту, ғылыми сыйымдылығы жоғары өнімдерді енгізу, "ҚазАгроға" бөлінген қаржыны тиімді пайдалану", - деді ол.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, талқылау қорытындысы бойынша үкіметке және жекелеген мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді. Олардың орындалуын қадағалау Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығына жүктелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны