02.07.2010, 17:29 3343

Қазақстан жыл аяғына дейін ДСҰ кіру туралы келіссөздерді аяқтап, жақын арада ұйымға кіруді көздеуде Шүкеев

"Мен үстіміздегі жылдың аяғына дейін ДСҰ кіру жөніндегі негізгі келіссөздерді аяқтап, жақын арада ұйымға кіреміз, деп үміттенемін",- деді Ө. Шүкеев.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today Қазақстан жыл аяғына дейін ДСҰ кіру туралы келіссөздерді аяқтап, жақын арада ұйымға кіруді көздеуде. Бұл туралы бүгін III Астана экономикалық форумында Қазақстанның бірінші вице-премьері Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен үстіміздегі жылдың аяғына дейін ДСҰ кіру жөніндегі негізгі келіссөздерді аяқтап, жақын арада ұйымға кіреміз, деп үміттенемін",- деді Ө. Шүкеев.

"Біз шетелдік серіктестіктеріміз тарапынан қолдау таба аламыз деген үміттеміз, олар Қазақстанның сенімді серіктес екендігін және бүгінгі күнде өзара пайдалы ынтымақтастық үшін экономикаға инвестиция салуға зор мүмкіншілігіміз бар екендігін білуге тиіс",- деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны