07.04.2016, 11:43 5519

Қазақстан ЖІӨ энергия сыйымдылығы бойынша әлемде 28 орында

"Илемдік барлық энергияныӊ 41%-ын ғимараттар пайдаланатын болса, өндіріс 31%-ын, ал көлік әлемдік энергия ресурстарыныӊ 28 %-ын тұтынады екен. Сондықтан, осындай мәліметтерді ескеретін болсақ, энергия үнемдеу мәселесі айтарлықтай өзекті болмақ", - деді министр

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан әлемде ЖІӨ энергия сыйымдылығы бойынша 28-ші орында, деп мәлімдеді ҚР инвестициялар және даму министрі Исет Исекешев "Бюджеттік сектор мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жобаларына инвестиция тарту" тақырыбында өткен халықаралық конференцияда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Илемдік барлық энергияныӊ 41%-ын ғимараттар пайдаланатын болса, өндіріс 31%-ын, ал көлік әлемдік энергия ресурстарыныӊ 28 %-ын тұтынады екен. Сондықтан, осындай мәліметтерді ескеретін болсақ, энергия үнемдеу мәселесі айтарлықтай өзекті болмақ", - деді министр, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ведомство басшысы айтып өткендей, біздіӊ елдіӊ экономикасы ЖІӨ жоғары энергия сыйымдылығымен сипатталады, бұл тұрғыда Қазақстан АҚШ пен Канада сияқты елдердіӊ энергия сыйымдылғы көрсеткішінен 2 есе асып түсіп, 28-ші орында тұр.

"Біздіӊ елімізде негізгі энергия жеткізуші көмір - бұл 55 %, табиғи газ 22 %, мұнай 19 % және гидроэлектрстанциясы 3 %", - деп атап өтті министр.

Еске сала кетейік, Астанада "Бюджеттік сектор мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жобаларына инвестиция тарту" тақырыбында халықаралық конференция өтіп жатыр. Форум бағдарламасы бойынша сарапшылардыӊ пікірлері тыӊдалады, Қазақстан Республикасындағы энергетикалық жобалар қызметініӊ жүзеге асуы, энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру бойынша халықаралық тәжірибесімен бөлісу мақсатында келген шетелдік сарапшылардыӊ ой-пікірін тыӊдау бағдарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны