22.09.2008, 12:00 1144

Қазақстанда 15,6 млн тонна астық бастырылды - Күрішбаев

Қазақстанда 15,6 млн тонна астық бастырылды - Күрішбаев

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 15,6 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы бүгін парламенттегі үкіметтік сағатта еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Биылғы жыл қатты елімізді жаппай, соның ішінде әсіресе оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс бөліктерін қамтыған қуаңшылыққа байланысты ауылшаруашылығы үшін күрделі жыл болды, өсімдіктер жақсы дамымай, өңірлерде астықтың шықпай қалуына алып келді", - деді А. Күрішбаев.

Соған қарамастан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының егіншілері "жақсы түсім алып шыдады".

"Бүгінгі жағдаймен 14,4 млн гектардан, немесе егіс алқаптарының 92,4%-ынан дақыл жиналды, 15,6 млн тонна астық бастырылды, бұл жалпы алғанда ағымдағы жылға жасалған астық түсімінің болжамына жуықтайды", -деді министр.

Ол айтып өткендей, биыл республикада бункерлік салмағымен 17 млн тонна астық жиналады деп болжанған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны