15.12.2011, 11:10 8115

Қазақстанда 15 үздік инновациялық бизнес-жоба анықталды

Аталмыш жоба халықтың инновациялық белсенділігін арттырып, жаңа технологиялар саласында әлеуметтік маңызды жобаларды анықтау мен қолдауға, потенциалды инноваторлар мен инновациялық жобаларды ойлап табушыларға бизнесті жоспарлауды оқытуға бағытталған. Жоба Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатыр.

Астана. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда "NIF$50K" инновациялық бизнес-жобалардың республикалық байқауы аясында "Инновациялық форсаж" телевизиялық интеллектуалды реалити-шоуы өтіп, онда 15 үздік жаңашыл идеялар анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталмыш жоба халықтың инновациялық белсенділігін арттырып, жаңа технологиялар саласында әлеуметтік маңызды жобаларды анықтау мен қолдауға, потенциалды инноваторлар мен инновациялық жобаларды ойлап табушыларға бизнесті жоспарлауды оқытуға бағытталған. Жоба Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатыр.

Конкурсқа төмендегі жобалар қатысты: тұрғындық өндіріс мекемелерін ваккум режимінде газ тәрізді жылу тасымалдағышпен жылыту жөніндегі жұмыс, өсімдік өсіруді реттеуші аз салмақты өндірісті ұйымдастыру жөніндегі инновациялық бизнес-жоспар, Астана қаласын салудың ғарыштық мониторингісі жөніндегі жоба, қалта POS-терминалын ойлап табу жұмысы, жел және су стансаларын пайдалану жөніндегі жоба, күнмен құрамдастырылған жылуэлектрстансасы, "экоағашпласт" материалын жасау, бағдарламалық қамтамасыз ету жобасы мен тағы басқа жұмыстар.

"Ұлттық инновациялық қор" АҚ мәліметтері бойынша, жобаға қатысу үшін 200-ге жуық өтініш келіп түскен. Бас жүлдегер 7,5 млн. теңге көлемінде грант ұтып алды. "Инновациялық форсаж" жобасы жас ғалымдар, талантты өнертапқыштар, болашақ бизнесмендердің қабілеттері үшін сынақ полигоны ретінде болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны