10.04.2009, 15:23 3123

Қазақстанда 173 ауыл мектебі апаттық жағдайда, ал 408 ауылда медицина қызметкерлерінің орын-жайы жоқ

Қазақстанда 173 ауыл мектебі апаттық жағдайда, ал 408 ауылда медицина қызметкерлерінің орын-жайы жоқ

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 173 ауыл мектебі апаттық жағдайда, ал 408 ауылда медицина қызметкерлерінің орын-жайы жоқ. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінде ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның отырысында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитетінің төрағасы Санат Тұңғышбеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Республиканың 173 ауылындағы мектептер апаттық жағдайда, 47 ауылда мектептегі сабақтар 3-4 ауысыммен өткізіледі. 1289 ауылда білім беру нысандары пайдаланылу мерзімі 40 жылдан асқан орынжайда орналасқан. 3250 ауылдық елдімекендердегі білім беру нысандарында кейінгі 10 жылда күрделі жөндеу жүргізілмеген. Ауылдық жерлерде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі дамымаған, және бұл мәселеге лайықты назар аударылмай отыр", - деді С. Тұңғышбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны