07.04.2016, 13:16 4879

Қазақстанда 17 жылда әлеуметтік төлемақы шығындары 6,9 есеге өсті

Аталған кезеӊде мүгедектікке байланысты әлеуметтік төлемақылардыӊ орташа көлемі 7,3 есеге өсті: 3 106-дан 22 710 теӊгеге дейін

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - 1999-2015 жылдар аралығында мемлекеттік әлеуметтік төлемақыларға бағытталған республикалық бюджеттіӊ шығыны 6,9 есеге өсті (25,8-ден 177,5 млрд. теӊгеге дейін), деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған кезеӊде мүгедектікке байланысты әлеуметтік төлемақылардыӊ орташа көлемі 7,3 есеге өсті: 3 106-дан 22 710 теӊгеге дейін, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

"Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемақыныӊ көлемі 4,8 есеге өсіп, 2015 жылы 20 555 теӊге болды (1999 жылы - 4 250 теӊге)", - делінген хабарламада.

Жас ерекшелігіне байланысты жәрдемақы 5,7 есеге өсті: 1999 жылы 1 951 теӊгеден 2015 жылы 11 110 теӊгеге дейін.

Естеріӊізге сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7%-ға ұлғайтылды. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 664 мыӊнан аса жәрдемақы алушылар тіркелген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны