10.12.2012, 09:10 3086

Қазақстанда 1800-ден астам кәсіпорын "БЖК-2020" бағдарламасы бойынша субсидиялар алуда

Қазақстанда "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аясында 1800-ден астам кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетілуде", - деп хабарлады "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілінің брифингінде.

Астана. 10-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 1800-ден астам кәсіпорын "БЖК-2020" бағдарламасы бойынша субсидиялар алуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аясында 1800-ден астам кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетілуде", - деп хабарлады "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілінің брифингінде.

"Қазақстанда 1800-ден астам кәсіпорын "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында өз шоттарына мемлекет тарапынан қаржылай қолдау алуда", - деді Л.Ибрагимова.

Қордың мәліметтері бойынша, бағдарлама аясында қазақстандық компанияларға 24 млрд.теңгеден астам cубсидиялар төленді. Сонымен қатар, бұл компаниялар соңғы 3 жыл бойы бюджетке 58 млрд. теңге салықтар төлеген.

Оған қоса, әлеуметтік жағдай жасау аясында Бағдарлама бойынша субсидияланған компанияларда 136 мың жұмысшы еңбек етеді. Және жаңа компаниялар мен зауыттардың ашылуына байланысты қосымша 31 мың жұмыс орны құрылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны