06.01.2011, 13:34 4679

Қазақстанда 1-қаңтардан бастап мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж салығы екі есеге өсті

Қазақстанда 1-қаңтардан бастап мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж салығы екі есеге өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Риановости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 6 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда 1-қаңтардан бастап мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж салығы екі есеге өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Риановости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстан шикі мұнайға әкелетін экспорттық кедендік баж салығының көлемін тоннасына 40 теңгеге дейін екі есе көтерді.

ҚазТаг агенттігінің хабарлауынша, "Баж салығының мөлшерлемесі (1000 кг үшін доллармен есептегенде) бағанындағы "20" саны "40" санымен алмастырылсын", - делінген құжатта.

Осыған байланысты ҚР сыртқы істер министрлігіне екі аптаның ішінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық хатшылығын сыртқы сауда жұмысындағы ҚР үкіметінің қабылдап отырған шаралары туралы хабардар ету тапсырылды.

Қаулы 2011-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енеді және ресми жариялануы тиіс.

Шикі мұнайға ЭБС Қазақстанда 2010 жылғы тамыздың ортасында енгізілді. Баж салығының мөлшерлемесі тоннасы үшін $20 құрайды. Экспорттық кедендік баж салығы ашық және қара түсті мұнай өнімдеріне тоннасына тиісінше $98,13 және $65,42-ға дейін төмендетілді. Бұрындары ашық түсті мұнай өнімдеріне кедендік баж салығының мөлшерлемесі тоннасы үшін $99,71, қара түсті мұнай өнімдеріне тоннасы үшін $66,47 құраған.

Мұнайға ЭКС ҚР-да 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін республика үкіметімен міндетті салықтық сараптамадан өткен және салықтың аталған түрін төлеуден босатуды қарастыратын өнімді бөлісу туралы келісім бойынша жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты қолданылмайды. Сондай-ақ, оны роялти төлейтін жер қойнауын пайдаланушылардан басқа, келісімшарттарында ЭКС төлеуден босату қарастырылған жер қойнауын пайдаланушылар да төлемейді.

Экономикалық даму және сауда министрлігінің түсіндіруінше ЭКС мөлшерлемесі тоқсан сайын "әлем нарығындағы баға туралы ақпараттар негізінде" есептеліп отырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны