10.01.2014, 18:43 3521

Қазақстанда 1-ші ақпаннан бастап " Тұран ТВ" саяхат туралы тұңғыш отандық телеарна іске қосылады

Жаңа телевизиялық арнаның негізгі мақсаты- Қазақстанда ішкі туризмді дамыту болып табылады. Туризмді ілгерілету әсіресе Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу алдындағы өзекті мәселе болып табылмақ. Саяхат туралы алғашқы қазақстандық телеарна Интернет желісіне жіберілетін болады.

Алматы. 10 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің қолдауымен сынақ тәртібінде "Тұран ТВ" жаңа телевизиялық арнасы отандық эфирге шығатын болады. Бұл еліміздің тарихы мен мәдениетін, спортын, демалыстарын, белсенді өмір сүрулерін, саяхатын, ішкі туризмін дәріптеуге арналған қазақстандық алғашқы телеарна болып табылады, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

"Хабар таратудың алғашқы кезеңде еліміздің барлық аумақтарында Алма ТВ, ID TV және Отау ТВ қазақстандық кабельдік операторларының желілерімен қосарласа қызмет көрсету жоспарлануда. Соңғы екі ай ішінде спутниктік телеарналары арқылы хабарды тарату жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Арна 16:9 үлгісінде, HD 720р сапасымен, стерео-аудиожолымен қазақ және орыс тілдерінде қосарлана таратылу көзделіп отыр.

"Жаңа телевизиялық арнаның негізгі мақсаты- Қазақстанда ішкі туризмді дамыту болып табылады. Туризмді ілгерілету әсіресе Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу алдындағы өзекті мәселе болып табылмақ. Саяхат туралы алғашқы қазақстандық телеарна Интернет желісіне жіберілетін болады, яғни ол арқылы бұл телевизиялық өнімді әлемдік тордан интернет желісін қолданушылардың барлығы өздеріне ыңғайлы уақытта, әлемнің кез-келген нүктесінде тамашалауларына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жақын арада www.turan.tv ресми сайтының ашылуы жоспарлануда. Facebook, "ВКонтакте", YouTube бейнехостингі әлеуметтік желілерін қолданушылар Қазақстанның туризмі мен табиғаты туралы ай сайынғы жаңалықтарын, суреттер мен бейне роликтерін көре алады", - деді ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев.

Тұран ТВ" телеарнасының бас директоры - Қазақстан Республикасының Спорттық балық аулау Федерациясының президенті, осы спорт түрінен 2013 жылғы әлем чемпионы әрі әлемдік біріншіліктің бірнеше дүркін жүлдегері Роман Ботабеков болып табылады. Оның айтуы бойынша: "Арнаның контенті саяхат, аңшылық, балық аулау, Қазақстанның туристік және мәдени көзтартарлық жерлері, яғни ең әдемі жерлері, ең дәмді тағамдары, керемет салттары, түрлі ұлт өкілдерінің мерекелері, тарих жұмбақтары сияқты тақырыптарды қамтылатын болғандықтан барлық адамдардың қызығушылықтарын тудыратын болады. Таңғаларлық жаңалықтарды іздеу мақсатымен телеарна авторлары Қазақстанның түкпір-түкпіріне сапар шегетін болады.

Телеарнаның тобына Ләззат Көккөзова, Нариман Сұлтанбеков, Илібек Бегалин, Мадина Ишілова, Николай Зубков және басқа да танымал Қазақстандық журналистер енеді.

Телеарна өзінің жеке өндірістік негізімен, дистрибуция қызметтерін және маркетингтерімен, сондай-ақ бағдарламаның жеткілікті кітапханасымен орнатылған. Қазіргі таңда 50 -ден астам бағдарламалар түсірілген. Түсірілім жүргілілу үшін сапалы жабдықтарды пайдалану арқылы бейне түсірілімнің жаңа технологиялары қолданылады ("Октокоптер" цифрлы бейнекамерасына арналған тікұшақтар, (slow motion) ақырын түсірілім жүргізілу және (time lapse) тездетіп түсірім жүргізу мүмкіндігі бар кәсібіи бейнекамералар және т.б.).

Барлық хабар таратудың 80 пайызын "Тұран ТВ" телекомпаниясының жеке өндірісінің контенті, ал деректі және көркем фильмдер 20 пайызын құрайды деп болжанып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны