04.12.2006, 16:49 3184

Қазақстанда 2006 жылдың 10 айында зейнетақы жинақтары 30,1 % өскен

АЛМАТЫ.4 желтоқсан.Kazakhstan Today. Қазақстанда 2006 жылдың 1 қарашасынан бері салымшылардың зейнетақы жинақтарының көлемі 844,1 млрд теңгені құрады. Бұл қаңтардың 1-імен салыстырғанда 30,1 %-ға көп. Бұл туралы Кazakhstan Today агенттігіне ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және қадағалау агенттігінен хабарлады.

Агенттіктің мәліметтерінше,биылғы қазан айында салымшылардың зейнетақы жинағы 13,6 млрд теңгені құрады. Ал зейнетақылық жарналардың жалпы түсімі 15,8 млрд теңге, немесе 2,5 % және 2006 жылдың 1 қарашасында 648,9 млрд теңге болды.

Ал міндетті зейнетақылық жарналар бойынша жеке зейнетақы есепшоттарының саны биылғы қазан айының басында 8 401 370 -ке жетті. Қазан айы бойынша міндетті зейнетақылық жарналарға салатын салымшылардың саны 85 645 немесе 1,03%-ға өскен; ерікті зейнетақылық жарналар -27, немесе 0,08 %, бұл 33,003 болып, зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі 580,5 млн теңгеге жетті.

Ерікті кәсіби зейнетақылық жарналар бойынша салымшылардың есепшоттарының саны қазан айында 23 (0,62%) және қарашаның 1-інде 3732 ал зейнетақылық жинақтармен 29,7 млн теңгеге жетті.

Зейнетақылақы қорларды инвестициялаудан түскен "таза" инвестициялық пайданың көлемі (комиссиялық сыйақыларды санамағанда), жеке салымшылардың зейнетақы есепшоттарына бөлінген, қазан айында 1,3 млрд теңгеге немесе 0,58 % азайған, ал қарашаның басында 223,4 млрд теңге болған. Ал салымшылардың зейнетақы жинағындағы "таза" инвестициялық түсімі-26,47 %, бұл өткен айлармен салыстырғанда 0,59.

2006 жылдың 1-ші қарашасында зейнетақылық жинақ қорларының сақтандыру ұйымдарына аударылған және зейнетақылық төлемдер көлемі 46 млрд теңге, ал қазан айында 0,94 млрд теге(0,07%) өскен. Биылғы қаңтар мен қазан айлары аралығында сақтандыру ұйымдарында зейнетақылық аннуитет келісіміне сәйкес аударылған зейнетақылық жинақ көлемі 73,5 млн теңге, ал қазан айында 7,4 млн теңгені құраған.

Салымшылардың бір қордан екінші қорға ауыстырған зейнетақылық жинақтарының көлемі қазан айында 4 млрд (3,27 %) және қарашаның 1-інде 126,1 млрд теңгені көрсеткен.

Жинақ қорларының зейнетақы активтерінің орта номиналды коэфициенті 2003 жылдың қазаны мен 2006 жылдың қазан айлары аралығында 24,33%, осы уақыт аралығындағы инфляцияның көлемі 25,5 % болды.

Республика бойынша, 2006 жылғы 1-ші қарашада 14 жинақ зейнетақылық қорлары қызмет етіп жатыр. Олар еліміздің түрлі аймақтарында 78 филиалдар мен 77 өкілдіктері бар.

Зейнетақылық жинақ қорларының активтерін инвестициялық басқарумен 12 ұйым айналысады. Олардың арасында зейнетақылық автивтерді жеке басқаруға лицензиясы бар "МЖЗҚ" Зейнетақы жинақ қоры АҚ, "Қазақстан Халық банкінің Зейнетақы Жинақ қоры" АҚ, "Қазақстанның ТұранИлемБанкі Зейнетақы Жинақ қоры" АҚ, "Капитал" Зейнетақы Жинақ қоры АҚ, "Қазақмыс Зейнетақы Жинақ қоры АҚ сияқты зейнетақы жинақ қорлары бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны