24.08.2006, 09:32 3295

Қазақстанда 2006 жылдың алғашқы жартысында уран өндірісі 11,7 % ұлғайды

АСТАНА. 24 тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстанда үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында уран өндірісінің көлемі 11,7 % өсті. Бұл жөнінде энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің алқа жиынында министр Бақтықожа Ізмұхамбетов баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2006-жылдың алты айында Қазақстанда 2 мың 336,7 тонна уран өндірілді. 2005 жылдың осы уақытымен салыстырғанда өндіріс көлемі 11,7% құрады",-деп атап өтті мекеме басшысы.

Сондай-ақ, министр "республиканың атом өнеркәсібі саласындағы алғашқы жылдарға жоспарлаған басты мақсат, қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан кен орындарындағы өндіріс көлемін ұлғайту және Ыңқай, Мойынқұм,Төртқұдық, Заречное, Орталық Мыңқұдық, Батыс Мыңқұдық, Оңтүстік Ыңқайда жаңа кеніш құрылысын жүзеге асыру",-деп атап өтті .

Осыған дейін хабарлағанымыздай, "Қазақатомөнеркәсібі""Ұлттық атом компаниясы" АҚ 2008 жылға дейін тағы 12 кенішті іске қоспақ. Компанияның жоспары бойынша екі кеніштен уран өндіру үстіміздегі жылдан басталады, келесі жылы бес жаңа кеніш, оның ішінде "Камеко", "Арива", "Тенексом", "Urasia" аясында іске қосылады. Төрт кеніш 2008 жылы жұмыс істей бастайды, тағы бір шахталық кеніш сол жылы іске қосылады.

Жалпы Қазақстан бойынша 129 кеніш және уран табылған орын бар. Уран кеніштері алты уран провинциясына біріккен(Балхаш, Каспий маңайлары, Іле, Солтүстік Қазақстан,Сырдария, Шу-Сарысу). Алты провинцияның уран қоры мен ресурстары 1,690 млн.тоннаны құрайды. Оның 1,2 млн. тоннасы жер астында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны