26.01.2007, 14:04 3214

Қазақстанда 2006 жылы ипотекалық компаниялардың несие портфелі 52,9 пайызға өсті

АЛМАТЫ. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2006 жылы ипотекалық компаниялардың несие портфелі 52,9 пайызға (36,1 млрд теңгеге) өсіп, үстіміздегі жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша 104,4 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктен (ҚҚА) хабарлады. 
 
ҚҚА ақпараттарына сүйенсек, осы жылдың басында біріккен активтердің сомасы 126,6 млрд теңгені құраса (ол 2005 жылмен салыстырғанда 68,1 пайызға өскен), біріккен міндеттемелер 98,8 млрд теңгеге жеткен (59,1 пайызға өскен), ал меншік капиталы 27,7 млрд теңге (2,1 есе) болып отыр.
 
2007 жылдың басында ипотекалық компаниялардың біріккен несие портфельдерінің құрылымындағы стандарттық несиенің үлесі 93,8 пайызды (2006 жылдың 1-қаңтарында - 98,6 пайыз), күмәнді - 6 пайыз (1,1 пайыз) және үмітсіз - 0,2 пайызды (0,3 пайыз) құрап отыр. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны