27.02.2007, 17:17 2997

Қазақстанда 2007 жылғы мұнай саласынан түсетін кіріс жалпы кірістің 28 пайызын құрайды - үкімет болжамы

АЛМАТЫ. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2007 жылғы мұнай саласынан түсетін кіріс жалпы кірістің 28 пайызын құрайды. Бұл туралы бүгін Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктің бас қосуы аясында өткен "Қазақстандағы макроэкономикалық ахуалға шолу: қолайлы конъюктурадан экономиканы әртараптандыру мен инфрақұрылымның дамуына" тақырыбындағы "дөңгелек үстел" барысында республиканың экономика және бюджетті жоспарлару вице-министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Егер 2006 жылы мұнай саласынан түскен кіріс жалпы кірістің 32 пайызын құраса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 28 пайыз көлемінде жоспарланып отыр",- деді Бердібек Сапарбаев. "Бұл біздегі басқа да салалардың дамып келе жатқандығын көрсетеді",- деп қосты ол.

"Үкімет басқа да салалардың дамуы үшін және басқа салалардан да ауқымды пайда түсуі үшін осы бағытта жұмыс істейді",- деп атап көрсетті республиканың экономика және бюджетті жоспарлару вице-министрі Бердібек Сапарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны