23.01.2008, 17:38 2731

Қазақстанда 2007 жылы монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін бюджетке 26 млрд теңге көлемінде қаржы аудару туралы нұсқама шығарылған

Қазақстанда 2007 жылы монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін бюджетке 26 млрд теңге көлемінде қаржы аудару туралы нұсқама шығарылған

Астана. 23-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2007 жылы монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін мемлекеттік бюджетке монополиялық кірістен 26 млрд теңге көлемінде қаржы аудару туралы нұсқама шығарылған. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің алқа отырысында мекеме басшысы Ғалым Оразбақов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2007 жылы бәсекелестікті қорғау комитеті электр энергетикасы, көлік, цемент өндіру және сату, фармацевтикалық іс-қызмет салаларындағы нарық субъектілерінің іс-қызметіне 228 тексеру жүргізіп, 485 нұсқама шығарған",- деді Ғ. Оразбақов.

"Оның ішінде монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін мемлекеттік бюджетке монополиялық кірістен 26 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу туралы нұсқама шығарылған",- деп нақтылап өтті ол.

"Атап айтқанда, тексеру барысында Шығыс Қазақстан облысының қуат шығарушы ұйымдарының ымыраласа әрекет етуі, ұйымдардың аффилиирлік байланысы , басымдық ахуалын теріс пайдалану сияқты деректер анықталған",- деп еске сала кетті индустрия және сауда министрі.

Министр, 3 млрд теңгеге қатысты сот шешімі заңды күшіне еніп, сот атқарушыларының орындауына жіберілгендігін түсіндіріп өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны