18.01.2007, 18:30 3806

Қазақстанда 2007 жылы мұнай өндіру көлемі айтарлықтай өспейді - энергетика және минералды ресурстар министрлігі

АСТАНА. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2007 жылы мұнай өндіру көлемі айтарлықтай өспейді. Бүгін журналисттерге берген сұхбатында энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов осындай болжам жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"2007 жылы мұнай өндіру 2006 жылғы деңгейде қала бермек, айтарлықтай көтерілмейді. Біз шамамен 65 млн тонна мұнай өндіреміз",- деді Б. Ізмұхамбетов (2006 жылы Қазақстан Республикасында 64,8 млн. тонна мұнай өндірілген - Kazakhstan Today ескертпесі). Министрдің сөзіне сүйенсек, бұл "мұнайдың негізгі көлемінің өндіру деңгейі төмендеп бара жатқан ескі кен орындарында өндірілетіндігіне" негізделген.

"Мұнай өндіру деңгейі егер жаңа кеніш ашылса ғана, немесе, жұмыс істеп жатқан кеніштерді игерудің жаңа кезеңі басталса ғана өсуі мүмкін",- деді Б. Ізмұхамбетов. Ол, Қазақстанда "мұнай өндірудің айтралықтай өсуі 2008 жылы басталады, себебі "ТеңізШеврОйл" жобасынан үлкен секіріс күтілуде. 2008 жылы мұнай өндіру көлемі жылына 10 млн. тоннадан 12 млн. тоннаға дейін өседі",- деді.

"Яғни, осы жоба бойынша бүгін өндіріліп отырған 13 млн. тоннаның орнына 20-25 млн. тонна мұнай өндіріледі",- деді министр. Сонымен қатар, министрдің сөзіне сүйенсек, "мұнай өндіру көлемі 2009-2010 жылдары Қашағанда мұнай өндіріле бастағанда айтарлықтай өседі". "2007-2008 іске қосылатын құрлықтағы кеніштер тек бұрынғы кеніштердің ғана орнын толтырады",- деп қорытындылады Б. Ізмұхамбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны