23.01.2008, 16:55 2929

Қазақстанда 2007 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 26,7 млрд АҚШ долларын құраған

Қазақстанда 2007 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 26,7 млрд АҚШ долларын құраған

Астана. 23-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2007 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 26,7 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің алқа отырысында мекеме басшысы Ғалым Оразбақов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жалпы 2007 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 26,7 млрд АҚШ долларын құраған, немесе 2006 жылмен салыстырғанда 10,5 пайызға артық",- деді Ғ. Оразбақов.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, олардың 12,6 млрд АҚШ доллары өнеркәсіпке құйылған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12,6 млрд теңгеге артық. Индустрия және сауда министрі, өткен жылы 8,7 млрд АҚШ доллары тау кен саласына (9,5 пайызға өскен) және 2,8 млрд АҚШ доллары өңдеу өнеркәсібіне ( 2,7 пайызға өскен) салынғандығын түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, Ғ. Оразбақов Қазақстанның даму институттары өзінің іс-қызметінің басынан бері жалпы құны 3 млрд АҚШ доллары тұратын 102 инвестициялық жобаны қаржыландырғандығын еске сала кетті. "Даму институттары құрылғаннан бері жалпы құны 787 млн АҚШ доллары тұратын 41 инвестициялық жоба пайдалануға берілген",- деп жалғады өз сөзін министр.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы даму институттары жалпы құны 493,5 млрд теңгені құрайтын 48 инвестициялық жобаны мақұлдаған. "Даму институттарының осы жобаларға қатысу үлесі 126,5 млрд теңгені құрайды",- деп нақтылап өтті Ғ. Оразбақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны