14.07.2008, 16:56 2735

Қазақстанда 2008-2009 жылдарда астықтың тұрақтандыру қоры 600 мың тоннаны құрайды - ҚР АШМ

Қазақстанда 2008-2009 жылдарда астықтың тұрақтандыру қоры 600 мың тоннаны құрайды - ҚР АШМ

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008-2009 жылдарда астықтың тұрақтандыру қоры 600 мың тоннаны құрайды. Бұл туралы еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үкіметтің шешіміне сәйкес 600 мың тонна көлемінде астықтың тұрақтандыру қоры құрылады, ол астықтың бағасы көтерілген кезде пайдаланылады", - деді А. Күрішбаев.

Оның мәліметінше, елімізде азық-түлік қажеттілігіне шамамен 3,3 млн тонна астық қажет, ал еліміздегі 7 астықты өңір ғана өзінде өндірілген астықпен қамтамасыз етілген.

"Ал Алматы, Шығыс Қазақстан , Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары мен Астана және Алматы қалаларына азық-түліктік астық пен ұнды сырттан әкелу қажет. Осыған байланысты әкімдіктер өңірді ұнмен және астықпен қамтамасыз ету үшін дер кезінде шара қолдануы қажет",- деді А.Күрішбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны