09.01.2009, 18:15 3609

Қазақстанда 2008 жылы 17 балабақша салынды

Қазақстанда 2008 жылы 17 балабақша салынды

Алматы. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008 жылы 17 балабақша салынды. Бұл туралы үкіметтің 2008 жылғы іс-қызметінің қорытындысы жөніндегі есебінде айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір 1773 балабақша жұмыс істейді, онда 269,3 мың бала бар. 2007 жылмен салыстырғанда балабақшалар саны 156-ға, ондағы балалар саны - 22,4 мың балаға артты. 2008 жылы 17 балабақша салынды ", - делінген есепте.

Сондай-ақ, "2008 жылдың 25 желтоқсандағы жағдаймен республикалық бюджет есебінен 24,2 мың орынға есептелген 31 мектеп пайдалануға берілген, жылдың аяғына дейін 16,3 мың орынға есептелген 16 мектеп іске қосылады. Жергілікті бюджеттің есебінен 6394 орны бар 30 мектеп салынды".

"Оқушы орындарының тапшылығы 42 681-ге азайды. Сабақтарды екі ауысымда өткізетін мектептердің саны 65-ке, үш ауысымда өткізетіндері - 22-ге азайды. 2007 жылы төртінші ауысымда сабақ өткізу жойылды", - делінген есепте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны