23.01.2009, 15:46 1749

Қазақстанда 2008 жылы 6,8 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді

Қазақстанда 2008 жылы 6,8 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008 жылы 6,8 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді, бұл 2007 жылғымен салыстырғанда 102,3% құрайды. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник бүгін мекемеде үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен алқа мәжілісі барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстанда 2008 жылы 6,8 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді, бұл 2007 жылғымен салыстырғанда 102,3% құрайды. Қаржы нарығындағы ахуалдың өзгеруіне байланысты 2008 жылдың ортасында баспананы пайдалануға берудегі баяулауды біз тоқтата алдық", - деді В. Школьник.

Оның айтуынша, былтыр елімізде 365 млрд теңгенің құрылыс материалдары өндірілді, бұл шетелдерден әкелінген осы тектес өнімнің көлемінен біршама артық.

"Құрылыс материалдарының импорты алғаш рет өзіміз өндіретін көлемнен азайды, ол 19 млрд теңгеге дейін кеміді. Бұл қазір құрылыс саласында қалыптасқан ахуалға байланысты", -деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны