14.01.2009, 18:18 2788

Қазақстанда 2008 жылы бункерлік салмағы 15,6 млн тонна болатын астық жиналды

Қазақстанда 2008 жылы бункерлік салмағы 15,6 млн тонна болатын астық жиналды

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстанда 2008 жылы бункерлік салмағы 15,6 млн тонна болатын астық жиналды. Бұл туралы бүгін Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мекеменің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жалпы алғанда, астық өндіру көрсеткіші көп жылдық тәжірбиеге сай орташа деңгейге тұрақтады. Статистика агенттігінің алдын-ала ақпараты бойынша, алдағы жылдарға қарағанда сапасы әлдеқайда жоғары, бункерлік салмағы 15,6 млн тонна болатын астық жиналды. Бидайдың экспорттық әлеуеті 6 млн тоннаға жуықтады.

Ал, өзге дақылдарды өндіру көлеміне келсек, олардың жалпы жиынтығы ішкі нарықтағы сұранысты толықтай қамтамасыз етеді. Айта кетерлігі, елімізде жеміс- жидек пен ерте пісетін көкөністердің белгілі бір мөлшерінің әлі жетіспеушілігі кездеседі",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны