03.07.2009, 15:42 3080

Қазақстанда 2008 жылы пайдалануға берілген әлеуметтік сала нысандарының саны 30%-ға артты

Қазақстанда 2008 жылы пайдалануға берілген әлеуметтік сала нысандарының саны 30%-ға артты

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008 жылы пайдалануға берілген әлеуметтік сала нысандарының саны 30%-ға артты. Бұл туралы ""Қазақстан Бүгін"" агенттігіне ҚР Статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

"Алдыңғы жылмен салыстырғанда Қазақстанда 2008 жылы пайдалануға берілген әлеуметтік сала нысандарының саны 30%-ға артты. Жалпы алғанда 236 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде 90 жалпы білім беретін мектеп, 22 балабақша, 111 амбулаториялық -емхана мекемелері, 13 аурухана бар",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2008 жылы Қазақстанда жалпы аумағы 6,8 млн шаршы метрді құрайтын 29 786 тұрғын үй ғимараты тұрғызылған, бұл 2007 жылғыдан 2,5% артық.

"Ирбір алтыншы шаршы метр Астана қаласында пайдалануға берілген", -деп нақтылайды статистикалық мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны