17.01.2008, 13:51 2503

Қазақстанда 2008 жылы жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 7,8 мың долларды құрайды

Қазақстанда 2008 жылы жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 7,8 мың долларды құрайды. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінде сөз сөйлеген вице-премьер Өмірзақ Шүкеев мәлім етті. "2007 жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 7 мың долларды, ал 2008 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 7,8 мың долларды құрайды", -деді ол.

Астана. 17 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008 жылы жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 7,8 мың долларды құрайды. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінде сөз сөйлеген вице-премьер Өмірзақ Шүкеев мәлім етті.

"2007 жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 7 мың долларды, ал 2008 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 7,8 мың долларды құрайды", -деді ол.

Сонымен бірге, үкіметтің мәліметінше, 2007 жылы Қазақстан халқының нақты кірісі 24%-ға өсті. Үкіметтің есептеуінше, 2008 жылы орташа жалақы 55 мың теңгеге дейін, ал орташа зейнетақы 4,5 мың теңгеге өседі.

Ө. Шүкеев сонымен қатар ағымдағы жылдан бастап баланың бағым-күтіміне арналған жөргекпұл 1,5 - 2 есе өссе, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жыл сайын сауықтыру жәрдемақысы төленеді, деді. Жалпы алғанда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 41,3%-ға, мәдениет, спорт және туризмге бөлінетін қаржы 20,3%-ға өседі.

"Біз әлеуметтік саладағы барлық міндеттемелер орындалады деп кепілдік береміз", - деді вице-премьер.

Атап айтсақ, Ө. Шүкеев "мемлекеттік бюджеттің барлық шығындарының 50%, ал бұл 1,7 трлн теңге, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау саласына байланысты бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталады. Вице-премьердің айтуынша, өткен жылы елімізде қазақ тіліндегі 216 балабақша мен 41 мектеп ашылды.

Ө. Шүкеев үкіметтің әлемдік нарықтағы дағдарыстарға қатысты барлық жайттарды ескергеннін айтып сендірді. "2008 жылғы бюджетте үлескерлердің проблемаларын шешуге, шағын және орта бизнесті дамытуға және инвестициялық бағдарламаларға 3 млрд теңге бөлу межеленген", - деді ол.

"Инфляцияның импортталуының алдын алу үшін азық-түліктің мемлекеттік резерві құрылды", -деді Ө. Шүкеев. Атап айтсақ, оның айтуынша, мемлекеттік резервте 440 мың тонна астық бар.

"Осының бәрі де тұрықты экономикалық өсімге негіз қалауға мүмкіндік береді", - деді вице-премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны