24.02.2009, 17:53 3057

Қазақстанда 2009 жылы отандық кәсіпорындар үшін мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс көлемі екі есе ұлғайтылады

Қазақстанда 2009 жылы отандық кәсіпорындар үшін мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс көлемі екі есе ұлғайтылады

Астана. 24 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2009 жылы отандық кәсіпорындар үшін мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс көлемі екі есе ұлғайтылады. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник бүгін үкіметте өткен жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Республиканың қорғаныс саласы кәсіпорындарының жұмыс көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырысты бекіту жөніндегі үкіметтің тиісті қаулысы дайындалды. Ол 2008 жылғымен салыстырғанда шамамен 2 есе ұлғайтылды", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны